«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.
Бүгін «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жоспарын, «Бақытты отбасы» жол картасын және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында асырап алушы ата-аналар мен балаларға арналған тимбилдинг ұйымдастырылды.
Бала үшін ең жақсы орын — отбасы. Дәл отбасында бала мейірім мен қамқорлықты, қолдау мен ертеңгі күнге деген сенімді сезінеді. Осындай іс-шаралар ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтып, бірлікке, жылулық пен өзара түсіністікке толы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараны өткізуге қолайлы жағдай жасап, жылы қабылдау көрсеткен «Томирис» кешеніне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Тимбилдингтің демеушісі болып, отбасыларға ерекше ықыласы мен кең жүрегін танытқан қоғам белсендісі Абишева Марьям Серікқызына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Сонымен қатар фаундеровшыларға және жетекшісі Ильясова Динара Серікқызына балаларға, жасөспірімдерге және ата-аналарға арналған қызықты әрі пайдалы тренинг ұйымдастырып, жоғары деңгейде сүйемелдеу көрсеткені үшін, сондай-ақ «Армандастар» тәлімгерлеріне көтеріңкі көңіл-күй, қамқорлық пен мерекелік атмосфера сыйлағаны үшін алғыс айтамыз.
Барлық қатысушыларға шынайы эмоциялар, балалардың күлкісі мен бақытқа толы жанарлары үшін рахмет! Бірге біз үлкен әрі маңызды іс атқарып келеміз — балалық шақ пен отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайтудамыз.