Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 1 маусым, 2026 Ақтөбе облысы

Балалар бақытына арналған жарқын мереке

Балалар бақытына арналған жарқын мереке

Адам өміріндегі ең үлкен бақыты – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы, өмір өрнегі.

Жаздың жайдары алғашқы күнінде тойланатын Балаларды қорғау күні – балалар үшін ең қуанышты әрі жыл сайын асыға күтетін басты мерекелердің бірі.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараға «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері де қатысып, балалардың шаттығына ортақтасып, ізгі бастамаларға қолдау білдірді. Мерекелік іс-шара барысында Ақтөбе облысының ең талантты жас өнерпаздары бас сахнада өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара аясында облыс әкімі халықаралық және республикалық олимпиадаларда, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ түрлі деңгейдегі додалардың жеңімпаздары атанған оқушыларды арнайы құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышына толы бұл мереке – жас ұрпаққа деген шынайы қамқорлықтың айқын дәлелі болды. Ол әрбір баланың бақытты балалық шаққа, сапалы білім алуға, өз қабілетін дамытуға және арманына еркін ұмтылуға толық құқығы бар екенін тағы бір мәрте айқындады.

Балалар – еліміздің болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, қабілеттерін ашуға жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Барша бүлдіршінге бақытты балалық шақ, мықты денсаулық, жарқын болашақ және толағай табыс тілейміз! 🌟

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...