БАЙЗАҚТЫҢ ҚЫЗ- КЕЛІНШЕКТЕРІ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ
Жамбыл облысы Байзақ ауданында партияның Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын алуға арналған «Әйелдер өмірі үшін» марафоны ұйымдастырылды.
«Әйелдер өмірі үшін» марафонына жиналған қыз-келіншектер салауатты өмір салтын қолдап, әр әйел үшін уақтылы медициналық тексерістен өтудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды. Өз денсаулығыңызға бейжай қарамай, өзіңізге күтім жасауды әдетке айналдырыңыз деп ұран тастады!







