Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 10 қыркүйек, 2026 Жамбыл облысы

БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

Талас ауданында Отбасы күніне орай өнегелі отбасылармен кездесу өтіп, отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесінің маңызы дәріптелді.

БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

Отбасы – қоғамның ең кіші бөлшегі ғана емес, елдің ертеңін қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі. Отбасы күніне орай Талас аудандық «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасылармен тағылымды кездесу өтті.
Жүздесудің өзегі – отбасындағы жауапкершілік, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, өзара сыйластық пен мейірімнің мәні болды. Өмірдің әр сынағын бірге еңсеріп, бала тәрбиесіне бар күш-жігерін арнап жүрген отбасылардың әңгімесі қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Кездесу барысында үлгілі отбасыларға алғыс айтылып, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Ақжарма тілектер айтылып, әр шаңыраққа амандық, татулық пен береке тілінді.
«Әділет» партиясы үшін әділетті қоғам – әр отбасының қадірі мен құқығы қорғалған, әр балаға қамқорлық көрсетілген ортадан басталады. Сондықтан отбасы институтын нығайту, ата-ана жауапкершілігін арттыру, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – барша қоғамның ортақ міндеті.

6aa3b721bff96.jpg
6aa3b721c2b24.jpg
6aa3b72258dea.jpg
6aa3b721d289c.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...