Емханада әйелдерге арналған ашық есік күні өтті.
Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау мақсатында онколог-маммолог маман Алиса Калиеваның қабылдауымен Ашық есік күні өтті.
Маман сүт безінің денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қажетті кеңес берді және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынды.
Өз денсаулығыңызға уақыт бөліңіз! Ерте анықтау — тиімді емдеудің маңызды кепілі. Сонымен қатар, облыстық онкологиялық диспансерде 31 қазан күні өтетін Ашық есік күніне шақырамыз!