Ғалым-әйелдердің студент-жастармен кездесуі
«Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні сағат 16.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараға белгілі ғалым-археолог Лұқпанова Яна Амангелдіқызы және педагог-зерттеуші, PhD-докторант Дүйісмағамбетова Әлима Мұратқызы қатысты. Лұқпанова Яна Амангелдіқызы жастарға өзінің археология саласындағы қызметі, “Тақсай” ханшайымы жөнінде мол мағұлмат берді. Ал Дүйісмағамбетова Әлима Мұратқызы өзінің педагогика саласындағы жүріп өткен жолы, мұғалімдік қызметтің қыр-сыры, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесудің мақсаты - студенттердің өз мамандықтары бойынша еңбек жолын дұрыс таңдауға, таңдаған мамандығын сүюге, ғылым жолына түсуге бағыт-бағдар беру.