Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 9 сәуір, 2026 Ақтөбе облысы

Ғылым Talks: Педагогтің зерттеушілік мәдениеті

Ғылым туралы әңгіме кейде тек формулалар мен теориялар төңірегінде өрбитіндей көрінеді. Алайда бүгінгі «ҒЫЛЫМ TALKS» алаңында ғылым – тірі тәжірибе, ізденіс мәдениеті және педагогтің ішкі сұрағынан басталатын шығармашылық үдеріс екені айқын сезілді.

Ғылым Talks: Педагогтің зерттеушілік мәдениеті

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен өткен «Педагогтің зерттеушілік мәдениеті: ғылыми сұрақтан этикалық зерттеуге дейін» тақырыбындағы шеберханада қатысушылар тек тыңдаушы емес, ойланушы, зерттеуші, талдаушы рөлінде болды. Әрбір айтылған пікір – жаңа зерттеуге бастау, әрбір сұрақ – кәсіби дамудың бағытын айқындайтын компас іспетті.

Шара барысында спикерлер PhD, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Шетел тілдері факультетінің деканы Анара Уркунова, әлеуметтік ғылымдар магистрі, университеттің аналитигі Дана Рыспаева зерттеушілік мәдениетті қалыптастырудың маңызын тәжірибелік тұрғыда ашып көрсетті.

Олар педагог үшін зерттеу – тек ғылыми жұмыс емес, күнделікті тәжірибені терең түсінудің, дерекпен саналы жұмыс істеудің және кәсіби рефлексияның негізгі құралы екенін нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Алаңдағы ашық диалог, тәжірибе алмасу және сыни ойлау атмосферасы қатысушыларға жаңа серпін беріп, ғылымға деген көзқарасты жаңаша қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Бүгінгі кездесу – білім беру саласындағы әр педагогтің зерттеуші бола алатынын дәлелдеген маңызды қадам болды.

Әлеуметтік серіктесіміз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне және Басқарма төрайымы-Ректор Лаура Чапаевнаға ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.
@shilibekova
@aqtobe_bilim_basqarmasy @k.bulbul78
@zhubanov.university @laura_researcher

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...