Ғылымға жол ашқан менторлық кездесу
Жамбыл облысында өткен менторлық кездесуде оқушылар, мұғалімдер мен ғалымдар ғылымдағы менторлықтың маңызы мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты талқылады.
«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Ғылымдағы әйелдер» бағытының жетекшісі Орынқыз Жолдасова мен сарапшы Маржан Қалмаханованың ұйытқы болуымен «Ғылыми мектепті құрудағы менторлық: мектеп пен жоғары оқу орны байланысының алғышарттары» атты менторлық кездесу өтті. Іс-шараға Тараз қалалық білім бөлімі қолдау көрсетті.




Кездесуге 10–11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
Жалпы қазіргі уақытта Жамбыл облысының оқушылары ғылыми жобалар мен республикалық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Халықаралық, республикалық байқауларда жүлделі орын алып жүрген жастарымыз көбейді. Бұл – оқушылардың талпынысы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі.



Әйелдер қанаты осындай жетістіктерді көре отырып, ғылымға қызығатын балаларға ерте кезден қолдау көрсету қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет назарға алды. Себебі ғылымға бейім оқушыға тек теория емес, дұрыс бағыт, тәжірибе және сенім қажет. Ал менторлықтың рөлі дәл осы жерде ерекше. Спикерлер мен оқушылар ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Еркін микрофон форматында ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысында білім беру мен ғылым саласындағы әріптестікті күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.