Халықпен жүздесіп, ұсыныс-тілектер тыңдалды
Керуен сарайда тұрғындармен еркін пікір алмастық
Керуен сарай кешенінде тұрғындармен және қала қонақтарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажы, ұсыныс-пікірлері мен тілектерін тыңдадым. Кездесу барысында азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді көтеріп, өз ойларын ашық жеткізді. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Халықпен ашық диалог орнату арқылы тұрғындардың талап-тілектері мен қоғамдағы маңызды мәселелер талқыланды. Азаматтардың әрбір пікірі мен ұсынысы алдағы жұмыстарда ескерілетін болады.