«Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»: Жамбыл облысында жаңашыл ұстаздар форумы өтті
Мұғалімдер күніне орай Тараз қаласында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты жаңашыл ұстаздардың облыстық форумы өтті.
Форумға Тараз қаласы мен облыс аудандарынан 300-ге жуық мұғалім қатысты.
Форумда «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Қайыпов ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.
«Ұстаз -ел болашағының іргесін қалайтын тұлға. Әділетті Қазақстанды құру – тек заңдар мен реформалардан тұрмайды. Әділетті қоғам ең алдымен әділетті ойлайтын, білімді, жауапты азаматтардан қалыптасады. Ал сондай азаматтарды тәрбиелейтін – сіздер, ұстаздарсыздар» – деді ол.
Сонымен қатар партия төрағасы «Әділет» партиясының қатарында білім саласының өкілдері көп екенін атап өтті. Бүгінде партия мүшелерінің шамамен 47 пайызы – ұстаздар.
Форум аясында жаңашыл ұстаздардың озық тәжірибелері таныстырылып, педагогтердің кәсіби ізденісіне қолдау көрсетуге бағытталған бастамалар ортаға салынды.
Ұстаздар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, құндылыққа негізделген тәрбие және педагогикалық көшбасшылық бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Солардың бірі – Тараз қаласындағы №1 гимназияның тарих пәні мұғалімі Қыздарбеков Әділбек Бақбергенұлы ұсынған жасанды интеллект негізіндегі виртуалды көмекші. Жоба педагогтерге күнделікті жұмыс барысында туындайтын мәселелерді саралауға, ойды жүйелеуге және тиімді шешім іздеуге көмектесуге бағытталған.
🏆 Форум қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Қыздарбеков Әділбек Бақбергенұлы
🥈 ІІ орын – Сәрсенбай Ақжарқын Қанатқызы
🥉 ІІІ орын – Сыздықова Гүлзипа Тұрғынбайқызы
🥉 ІІІ орын – Рахметкулова Жаңыл Рахметқұлқызы
Жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал форумның өзге қатысушылары белсенділігі үшін сертификаттармен марапатталды.
Форум – ұстаздардың тәжірибе алмасып, жаңа идеяларын ортаға салып, білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді талқылауына мүмкіндік берген маңызды алаң болды.









