Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы11 маусым, 2026Жамбыл облысы
Қамқорлық пен қолдау – қоғамның ортақ міндеті
«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі ретінде ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайларын зерделеу мақсатында бірқатар отбасылардың жағдайларымен таныстым.
Кездесу барысында әр отбасы мүшесімен жеке сұхбат жүргізіліп, азаматтардың құқықтарының сақталуы, қауіпсіздігі, әлеуметтік қолдау шаралары және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Әрбір азаматтың мәселесіне бейжай қарамай, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.@Amanat Bayzak @aielder kanaty