Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 2 қазан, 2026 Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қарағанды облысында «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясында әйелдер денсаулығына арналған кездесу өтті. Қатысушылар маммолог дәрігерден кеңес алып, медициналық тексеруден өтті.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қарағанды облысы «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты Онколог-маммологтар қауымдастығымен бірлесіп өткізіп жатқан «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясында Қарағанды облысында әйелдер денсаулығына арналған кездесу өтті.

Қатысушылар маммолог дәрігермен кездесіп, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді қалай байқауға болады, қандай жағдайда маманға жүгіну қажет, сондай-ақ қазіргі таңда диагностикалау мен емдеудің қандай заманауи әдістері қолданылатыны жөніндегі маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Әйелдер өздерін толғандырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, ой-пікірлерімен бөлісті және маманның кәсіби кеңестерін алды. Іс-шарадан кейін көптеген қатысушылар тексеруден өтті.

Мұндай кездесулер денсаулық мәселелерін ашық талқылауға және медициналық көмекке уақтылы жүгінуге ықпал етеді. Өзіңе қамқорлық жасау – бос уақытқа байланысты мәселе емес, өз денсаулығыңа деген жауапкершіліктің бір бөлігі екенін есте ұстаған жөн.

«Әйел өмірі үшін» айлығы Қазақстанның барлық өңірінде өткізіліп, әйелдердің хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

6abfac6136c60.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...