ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
ІС-ШАРА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕНЛІГІМЕН, ОБЛЫСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай тақырыптық қабылдау күні өтті
18 қыркүйекте «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Бірыңғай тақырыптық қабылдау күні өтті.
Негізгі мақсат – азаматтарға атаулы консультативтік-құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, сондай-ақ балалардың құқықтары, қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Іс-шара «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының жетекшісі Зара Хамитқызы Шалабаеваның төрағалығымен өтті. Азаматтарды қабылдауға Полиция департаментінің, прокуратураның, балалардың құқықтарын қорғау саласының, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, дін істері салаларының, сондай-ақ «Отбасы банк» өкілдері қатысты.
ZOOM платформасы арқылы іс-шараға облыстың қалалары мен аудандары қосылды. Теміртау қаласы, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандары тұрғындарының өтініштері қаралды.
Жалпы облыс бойынша 86 азамат қабылданды. Өтініштердің қатарында санаторийлік-курорттық ем алу, спорт үйірмелеріне қатысу, мүгедектігі бар балаларды оңалту, республикалық орталықта тексеруден өту, Қарағанды қаласында аутизм орталығын ашу, «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және гранттар алу, сондай-ақ жәрдемдесу мен түсіндіруді қажет ететін басқа да мәселелер болды.
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты отбасылармен және азаматтармен жұмысты жалғастырып, балалық шақ, әлеуметтік қолдау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуда.
Бірыңғай тақырыптық қабылдау күнінің Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында бір мезгілде өткізілуі маңызды. Бұл жергілікті жерлерде 100-ге жуық тұрғынға өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей жүгініп, қажетті консультация алуға мүмкіндік берді.