Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 19 мамыр, 2026 Қарағанды облысы

Шексіз қамқорлық: ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты мен «Inlife» емханасы арасындағы меморандум аясында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасыларына тұрақты түрде тегін медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілуде.

Шексіз қамқорлық: ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты мен «Inlife» емханасы арасында жасалған меморандум аясында ерекше қажеттілігі бар балаларға тұрақты түрде тегін консультациялар мен медициналық тексерулер ұйымдастырылып келеді.

Бүгінде ата-аналар алдын ала жазылмай-ақ және кезек күтпей білікті мамандардың қабылдауынан өтіп, сапалы медициналық көмек ала алады. Емханада балалар мен ата-аналарға барлық қолайлы жағдай жасалған: заманауи құрал-жабдықтар, тазалық, жайлы орта және әрбір балаға деген ерекше қамқорлық.

Емхана директоры отбасыларды жеке қарсы алып, қонақтарға ерекше ілтипат пен жанашырлық танытып жүргенін ерекше атап өткен жөн.

Меморандум аясындағы бұл жұмыс көптеген балалардың уақытылы медициналық тексеруден өтіп, қажетті қолдау алуына мүмкіндік беруде. Бұл әсіресе күн сайын түрлі қиындықпен бетпе-бет келетін аналар үшін өте маңызды қолдау.

Сонымен қатар ерекше балалардың аналарына тұрақты түрде психологиялық және құқықтық көмек көрсетілуде.

Ең бастысы — барлық көмек толықтай тегін көрсетіледі.

Ерекше балаларға қолдау көрсету — қоғамның мейірімі мен адамгершілігінің айқын көрінісі.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!