Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ауылдық жерде әйелдердің бизнесі... 30 сәуір, 2026 Қарағанды облысы

Қарағандыда көші-қондағы гендерлік саясат мәселелері талқыланды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде көші-қон үдерістеріндегі гендерлік саясатқа арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар құқық қорғау, әлеуметтік бейімделу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Қарағандыда көші-қондағы гендерлік саясат мәселелері талқыланды

Бүгін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында Erasmus+ Jean Monnet Module – Gender Issue in Migration: European Approach (SOLUTION) жобасы аясында «Көші-қондағы гендерлік саясат» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші ретіндегі өкілеттік аясында қатыстым.

Платформа жұмысына академиялық қауымдастық, халықаралық ұйымдар, құқық қорғау органдары, сараптамалық және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM), БОМКА бағдарламасы, Еуропа және Орталық Азия зерттеу орталықтарының сарапшылары болды.

Кездесу барысында көші-қон жағдайындағы гендерлік рөлдердің трансформациясы, мигранттардың құқықтарын қорғаудың құқықтық және әлеуметтік тетіктері, еңбек және білім беру мобильділігінің гендерлік аспектілері, сондай-ақ қауіпсіздік, кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Бүгінде көші-қон тек адамдардың орын ауыстыруын ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктерге қолжетімділік, құқықтарды қорғау, отбасының экономикалық тұрақтылығы мен адам қадір-қасиетін сақтау мәселелерін де айқындайды. Бұл ретте гендерлік тәсіл мемлекеттік саясаттың маңызды әрі қажетті элементіне айналуда.

Осындай маңызды тақырыптардың тек халықаралық немесе астаналық деңгейде ғана емес, өңірлік алаңдарда да талқылануы ерекше мәнге ие. Себебі дәл өңірлер көші-қон үдерістерінің практикалық салдарымен — жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімделу, отбасылық тұрақтылық, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, осалдық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерімен алғаш бетпе-бет келеді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар, сарапшылар мен қатысушылар арасында Қарағанды облысының өкілдерінің болуы да аса маңызды. Мұндай формат халықаралық тәжірибені жай талқылап қана қоймай, оны өңірлік міндеттермен және нақты іске асыру тетіктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Дәл осы жерде мультипликативтік әсер көрінеді: сараптамалық пікірталас нақты практикалық шешімдерге ұласып, алдағы жұмыстарда қолданылуы мүмкін.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

16 қаңтар, 2026

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

29 мамыр, 2026

Әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды

ИДЕЯДАН ІСКЕ: ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАСЫ