Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 18 тамыз, 2026 Ақмола облысы

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Щучинск қаласында «Ішкі тірек» инклюзивті тренингі өтті

Бүгін Щучинск қаласының Мәдениет үйінде Qolqanat әлеуметтік жобасы аясында «Ішкі тірек» атты инклюзивті практикалық кездесу-тренинг өтті.

Кездесуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналары, көпбалалы, асырап алушы және патронаттық ата-аналар, толық емес отбасылардың өкілдері, сондай-ақ педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер және инклюзия саласында қызмет ететін мамандар қатысты.

Тренинг барысында эмоционалдық интеллект, күйзелістің алдын алу, стресс жағдайына төзімділік, өз көңіл-күйі мен жағдайын түсіну және ішкі ресурсты уақытылы қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Qolqanat жобасының авторы атап өткендей, инклюзия – бұл тек балаға қолдау көрсету жүйесі емес. Әр баланың артында отбасы, ал оның жанында ата-анасы, педагогтері мен мамандары бар. Оларға да қолдау, назар және өз күшін қалпына келтіретін орта қажет.

Кездесу барысында қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Ең бастысы – әрқайсысы өзінің жалғыз емес екенін, қолдау әрдайым бар екенін сезінді.

Өзіңді тыңдай білу – ішкі тіректің бастауы. Ал өзіңе қамқорлық жасау арқылы өзгелерге қолдау көрсетуге күш табамыз.

#Qolqanat #ІшкіТірек #Инклюзия #Әділет #Щучинск

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру