Қарттарға құрмет – елге өнеге
Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанатының тең төрағасы Айгерім Даулетбаеваның ұйымдастыруымен Мойынқұм ауданындағы еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, жағдайларымен танысып, жылы лебізімізді жеткіздік.
Қарияларымыздың батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе. Олардың еңбегі мен өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге.
Қарттарға құрмет көрсету – үлкенді сыйлау ғана емес, ел тарихына, еңбегіне деген құрмет.

