Қайырымдылық – жүректен шыққан жылулық!
Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Әділет» партиясы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық филиалы мен Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.
Ізгі шараға аудандық филиал төрағасы Талап Әбдібеков мен партияның Әйелдер қанатының жетекшісі Дамира дармагамбетова қатысып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеумепттік сый жасап, қолдау көрсетті. Жылы жүздесу арқылы олардың көңілдеріне қуаныш ұялатып, ізгі тілектерін жеткізді.
Қайырымдылық – адамға қуаныш сыйлап, жүрекке жылу ұялататын ізгі іс. Бір-бірімізге қамқор болып, жақсылық жасау арқылы қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайта түсейік!
