Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 18 қыркүйек, 2026 Ұлытау облысы

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында ашық есік күні өтті

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында балалардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдауға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен өтті.

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында ашық есік күні өтті

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында ашық есік күні өтті

 

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында балалардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдауға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен өтті. 

Ашық есік күніне «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зина Ақылбекова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құрмет Саттыбаев, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлытау облысы бойынша уәкіл Гүлмира Жаппасова, білім басқармасының, құқық қорғау органдарының өкілдері, партияның Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.

Қабылдауға келген ата-аналардың дені балалардың денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.

Мәселен, Жезқазған қаласының тұрғыны Нұргүл Исаева ерекше білім беру қажеттіліктері бар баласына тұрақты түрде күндізгі уақытта баратын арнайы мекеменің облыста жоқ екенін айтып, осы мәселені шешуге ықпал етуді сұрады. Мәселеге қатысты басқарма басшылары түсініктеме беріп, жыл соңына дейін Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылатынын айтты.

Сондай-ақ облыстық балалар үйінің директоры Нұрхат Әукешов орталық қызметкерлерінің жалақысының төмендігін көтерді. Бұл мәселеге қатысты жауаптылар Денсаулық сақтау министрлігіне хат дайындап, мәселені жергілікті мәслихатта да көтеруге атсалысатын болды.

«Балаға қатысты мәселе – кезек күттірмеуі тиіс. Әр ата-ананың айтқан ұсынысы мен көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды. Біздің мақсатымыз – ата-ананы тыңдап қана қоймай, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты шешім қабылдауға ықпал ету. Баланың қауіпсіздігі, денсаулығы мен сапалы білім алуы – баршамызға ортақ жауапкершілік», - деді «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт. https://www.instagram.com/reel/Dda4ofzt88f/?stkn=MWc1dWg1b2VtZ3o3Nw== 

6aacec3ae3872.jpg
6aacec3a3f848.jpg
6aacec3a697bd.jpg
6aacec3b15a65.jpg
6aacec3a624d5.jpg
6aacec3ab3462.jpg
6aacec3c0ee76.jpg
6aacec3b4d561.jpg
6aacec3bb022e.jpg
6aacec3b94058.jpg
6aacec3bbf528.jpg
6aacec3c12bee.jpg
Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қараша, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мамыр, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...