Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 23 қыркүйек, 2026 Жамбыл облысы

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЗИЯТКЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

«Әділет» партиясы Әйелдер қанаты «Кітап оқитын ұлт» марафонының ашылу салтанатына қатысты

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЗИЯТКЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

 

Кітап оқу – адамның рухани байлығын арттырып, ой-өрісін кеңейтетін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыратын маңызды құндылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Бүгінде елімізде кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, балалар мен жастардың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған түрлі бастамалар жүзеге асырылуда.
Осындай игі бастамалардың бірі – Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында өткен «Кітап оқитын ұлт» марафонының ашылу салтанаты.
Іс-шараға «Әділет» партиясы Әйелдер қанаты жетекшісінің орынбасары Д. Ускумбаева қатысып, кітап оқудың жас ұрпақтың білімді, ойлы әрі ізденімпаз болып қалыптасуындағы маңызына тоқталды. Барша жерлестерімізді кітап оқуға, білімге ұмтылуға және «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысуға шақырды.
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты үшін өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы, рухани дамуы және қоғамдағы белсенділігі – маңызды.

6ab4a2ea232d1.jpg
6ab4a2ea224c5.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...