ҚОРДАЙДА «BABY TENNIS» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Қордай ауданында 3–5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған «Baby Tennis» фестивалі ұйымдастырылып, балалар спортқа деген алғашқы қадамдарын жасады.
Бұл ерекше спорттық шара білікті бапкер Марина Мартышеваның бастамасымен және «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық Әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылды.
«Үлкен теннис – болашақ чемпиондар алаңы» атты фестивальге 3–5 жас аралығындағы бүлдіршіндер, олардың ата-аналары мен балабақша тәрбиешілері қатысты.
Фестивальді Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Ашимова құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кішкентай спортшылар қызықты эстафеталар мен сайыстарда бақ сынап, спортқа деген алғашқы қадамдарын жасады. Іс шара соңында “ Әділет партиясы Әйелдер қанаты атынан сыйлықтар табысталды. Шараның мақсаты — балаларды кішкентай күнінен шынықтыру, белсенді өмір салтына үйрету және ата-аналарды да спорттық ортаға тарту. Бүгінгі бүлдіршін — ертеңгі ел намысын қорғайтын чемпион! Дені сау ұрпақ — еліміздің болашағы!










#Қордай #BabyTennis #БалаларСпорты #ӘйелдерҚанаты #СалауаттыҰрпақ