КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕКТІҢ ҚАДІРІ
Еңбек күніне орай Талас аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі А.Алтынбекованың ұйымдастыруымен «Еңбек – ел мұраты» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге күн сайын өз міндетін жауапкершілікпен атқарып, ауданның тыныс-тіршілігіне өз үлесін қосып жүрген кіші қызметкерлер қатысты.
Әңгіме барысында еңбек адамының қоғамдағы орны, адал еңбектің қадірі және әр істің артында үлкен жауапкершілік жатқаны туралы сөз болды.
Кейбір еңбектің нәтижесі бірден байқала бермейді. Бірақ тазалықты сақтап, айналаның жайлылығын қамтамасыз етіп, күнделікті жұмыстың қалыпты жүруіне жағдай жасап жүрген жандардың еңбегі – кез келген орта үшін маңызды.
Кездесу барысында бірқатар еңбек адамдарына алғыс айтылып, олардың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.
Осындай адамдарға мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де құрметпен қарау – баршамызға ортақ міндет.
Еңбегімен елге қызмет етіп жүрген әр азаматқа алғысымыз шексіз.
Еңбектеріңіз еленіп, еңбектің берекесін көріңіздер!


