Күршім ауданында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған «Мектепке нық қадаммен!» дәстүрлі қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда.
Күршім ауданында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған «Мектепке нық қадаммен!» дәстүрлі қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда.
Ауданның ауылдық округтерінде оқушыларға мектеп сөмкелері, канцеляриялық бұйымдар мен қажетті оқу құралдары үлестіріліп жатыр. Тұрғындар мен ұйымдардың қолдауымен отбасыларға көмек көрсету жұмыстары одан әрі жүргізілуде.
Барша оқушыларға жаңа оқу жылында сапалы білім, берік денсаулық және үлкен жетістіктер тілейміз!