Күршім ауданында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған жыл сайынғы «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өтті.
Күршім ауданында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған жыл сайынғы «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өтті.
Ауданның барлық ауылдық округтерінде оқушыларға мектеп сөмкелері, оқу құралдары мен қажетті мектеп тауарлары табысталды. Жанашыр тұрғындардың, ұйымдардың және белсенділердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген отбасы оқу жылы басталар алдында дер кезінде көмек алды.
Жаңа оқу жылы әрбір оқушы үшін жаңа білімнің, қызықты ашылулар мен жарқын жетістіктердің уақыты болсын! Балаларға берік денсаулық, үздік оқу, жақсы бағалар, адал достар және барлық бастамаларына табыс тілейміз!