Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 21 тамыз, 2026 Маңғыстау облысы

Маңғыстауда балаларға арналған отандық өнім өндірісі кеңейтілуде

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында «Rakhim baby» тігін цехының базасында жаңа фабрика салынуда. 2012 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорын нәрестелер мен балаларға арналған 200-ден астам өнім түрін шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізеді. Осыған орай 21 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай аталмыш кәсіпорынның жұмысымен және жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты.

Маңғыстауда балаларға арналған отандық өнім өндірісі кеңейтілуде
6a9a500f886d4.jpg
6a9a4d9098788.jpg

Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында балалар киімін өндіру ісі дамып келеді. Қазір жұмыс істеп тұрған «Rakhim baby» тігін цехының базасында жаңа фабрика салынуда. Кәсіпорынның іске қосылуы отандық өнім көлемін арттырып, қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 21 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Rakhim baby» тігін цехының жұмысымен және жаңа фабриканың құрылыс барысымен танысты.

Кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде жаңа туған нәрестелер мен балаларға арналған 200-ден астам өнім түрін шығарады. Өнімдер Ақтау қаласымен қатар, Атырау, Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз, Орал және Көкшетау қалаларында да сұранысқа ие.

Жаңа фабрика 0,2 гектар аумақта салынуда. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өндірістік қуаты жылына 1,2 млн өнімге жетеді.

Қазіргі таңда жер учаскесі дайындалып, құдық қазылған. Ғимараттың қабырғалары тұрғызылып, сылақ жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезеңде шатыр жабу жұмыстары атқарылады. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде кәсіпорындағы жұмысшылар саны 80-нен 140 адамға дейін артып, 60 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі жергілікті өндірісті дамыту нақты нәтижелермен – өнім көлемінің артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктердің кеңеюімен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән береді. «Rakhim baby» сияқты жобаларға қажетті қолдау көрсетілуге тиіс. Құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, фабриканы белгіленген мерзімде іске қосу маңызды. Біздің міндетіміз – өңірде өндірілетін өнім көлемін арттыру, нарықтағы жергілікті тауарлардың үлесін кеңейту және тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құру, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...