Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 27 тамыз, 2026 Маңғыстау облысы

«Мектепке нық қадам» — жүрекке мейірім мен сенім ұялататын ізгі бастама

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетілді. Әйелдер қанатының белсенділері де игі шараға атсалысып, әр балаға 30 000 теңгеден қаржылай көмек, театр мен музейге билеттер және тәтті сыйлықтар табыстады. Басты мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына қолдау көрсету.

«Мектепке нық қадам» — жүрекке мейірім мен сенім ұялататын ізгі бастама

https://www.facebook.com/share/p/1LKk8kdm8o/

​ «Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» қайырымдылық акциясы аясында Әйелдер қанатының белсенділерімен бірге өңіріміздегі әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, кішкентай жүректерге қуаныш сыйладық.

​Балалардың жаңа оқу жылына сеніммен, көтеріңкі көңіл-күймен қадам басуы біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта:

​Әр балаға 30 000 теңгеден қаржылай көмек табысталды;

​🎭 Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы өлкетану музейіне билеттер үлестірілді;

​🍰 «Bulka» кондитерлік дүкенінен арнайы тәтті сыйлықтар берілді.

Бұл ізгі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан партияластарыма, Әйелдер қанатының белсенділеріне және атсалысқан өңір кәсіпкерлеріне алғысым шексіз!

​Сондай-ақ, өтінішімізді аяқсыз қалдырмай, бірден қолдау білдірген Н. Жантөрин атындағы театр ұжымына, Ә. Кекілбайұлы атындағы музей басшылығына мың алғыс айтамын!

​Балаға көңіл бөлу — үлкен жауапкершілік, ал оның жүзіндегі күлкі — ең бағалы сый. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білімге және жарқын болашаққа лайық!

​Бұл қайырымдылық шаралары партия бағдарламасы аясында өз жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

​Ізгілік пен қайырымдылық жолындағы ісіміз берекелі болсын!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...