«Мектепке нық қадаммен»
«Мектепке нық қадаммен» акциясы аясында Қарағанды облысында 525 отбасы 1 466 балаға көмек көрсетілді.
«Мектепке нық қадаммен» акциясы аясында Қарағанды облысында ауқымды әлеуметтік жұмыстар атқарылды. Бастама барысында 525 отбасы қамтылып, нәтижесінде 1 466 балаға материалдық және моральдық қолдау көрсетілді. Жалпы өңір бойынша оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған 75 игілік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шаралар аясында мектеп жасындағы балаларға қажетті оқу құралдары, мектеп формасы мен киім-кешектер, сөмкелер және өзге да жазу жабдықтары табыс етілді. Бұл көмек аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың жүгін жеңілдетіп, балалардың сабаққа толыққанды дайындалуына септігін тигізді.
Бұл акция — жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Балаларға қуаныш сыйлап, білімге деген құштарлығын арттыру жолында мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.


