«Мектепке нық қадаммен!» акциясы белсенді жалғасуда
«Мектепке нық қадаммен!» акциясы белсенді жалғасуда
Балаларды жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясының бастамасымен қолға алынған «Мектепке нық қадаммен!» акциясы Шығыс Қазақстан облысында белсенді жалғасуда.
Акцияға барлық деңгейдегі мәслихат депутатары, партия мүшелері қатысуда. Сонымен қатар партияның аумақтық филиалдарында да бұл акция барынша белсенді түрде ұйымдастырылуда.
Акцияның басты мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қолдау көрсету, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа білімге нық қадам басуына ықпал ету.
Акция басталғанан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша 600 -ден астам балаға мектепке қажетті құрал жабдыққатар салынған сөмкелер табысталды.
«Мектепке нық қадаммен!» — балаларға қамқорлық танытып, игі істер төңірегінде жұртшылықты біріктіруге және оларға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған «Әділет» партиясының әлеуметтік бастамасы.