«Мектепке нық қадаммен!»: Алтай ауданында қайырымдылық акциясы өтті
«Мектепке нық қадаммен!»: Алтай ауданында қайырымдылық акциясы өтті
Алтай ауданында «Әділет» партиясының белсенділері мен депутаттарының қатысуымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция аясында әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалу үшін қажетті мектеп құралдары мен кеңсе тауарлары табысталды.
Акцияның мақсаты – балалар мен отбасыларға қолдау көрсету, әр баланың жаңа оқу жылын қуанышпен әрі сенімді бастауына жағдай жасау.