«МЕН ӘЖЕМНЕН ҮЙРЕНДІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ
«Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастауымен Қариялар күніне орай «Мен әжемнен үйрендім» челленджі ұйымдастырылды.
Бастаманың мақсаты – әже өнегесін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Осы орайда Орал қаласындағы «Бөбек kids» бөбекжайында әжелер мен ересек топ тәрбиеленушілері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шара барысында әжелер балаларға ұлттық әшекей бұйымдардың ерекшелігі мен мән-мағынасын таныстырып, дәстүрлі қолөнердің қыр-сырын бөлісті. Сонымен қатар домбырамен ән шырқалып, балаларға ұлттық өнердің қадірі дәріптелді. Әжелер жас ұрпаққа тоқыма өнерін үйретіп, өз қолдарымен бұйым жасау жолдарын көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы балалар үлкендердің өнегесін бойына сіңіріп, ұлттық дәстүр мен қолөнерді үйренуге мүмкіндік алды. «Мен әжемнен үйрендім» челленджіне белсенді қатысқан «Бөбек kids» бөбекжайы ұжымына және әжелерге алғыс білдіреміз!