Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 4 қыркүйек, 2026 Маңғыстау облысы

Мен оқыған 10кітап

«Халық» қайырымдылық қорының «Тәлімгер» орталығы өңірдегі кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған «Мен оқыған 10 кітап» жобасының қорытындысын шығарды. Бұл бастама жай ғана байқау емес, қоғам санасын өзгертуге бағытталған үлкен қозғалыстың негізіне айналды. Мемлекет басшысының «Зерделі ұлт» идеясын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба өңір тұрғындарынан үлкен қолдау тапты

Мен оқыған 10кітап

https://www.facebook.com/share/p/1D7SvDMcoU/

Заман өзгерді деп айналадан өзгеріс іздейміз, сол өзгерісті өзімізден бастау керек екеніне мән бермей жатамыз.”Халық” қайырымдылық қорының

«Тәлімгер» орталығы «Мен оқыған 10 кітап» жобасын қолға алғанда, біздің мақсатымыз жай ғана байқау өткізу болған жоқ!

Біз адамдарды кітап оқуға емес, кітап арқылы ойлануға шақырғымыз келді.

Нәтижесі біз күткеннен де әсерлі болды.

300-ге жуық өтінім.

100-ден астам финалист.

24 жеңімпаз.

Ал ең бастысы – жүздеген адам осы жазда кітаппен сырласқанына шын қуандық!

Біз үшін бұл – жай статистика емес.

Бұл – санаға өзгерістің бастамасы.

Мемлекет басшысы «Зерделі ұлт» идеясын жасауда Жарлық шығарғанда, “Тәлімгерліктер” бұл жұмыстарды нақты іске айналдыруды ойлап, “Мен оқыған 10 кітап”байқауын жариялағанбыз! Әрине бұл жобамыз бір реттік конкурс ретінде қалмайды.

Арманымыз – оқитын Маңғыстау қалыптастыру!

Оқитын бала.

Оқитын ата-ана.

Оқитын ұстаз.

Оқитын студент.

Ойлайтын, ізденетін, пікір айта алатын қоғам.

Бүгін біз бір жобаның қорытындысын шығарып отырған жоқпыз.

Бүгін біз үлкен қозғалысты бастадық деп есептеп отырмыз!

Маңғыстаудың зерделі ұрпағы көп болсын!

Кайдзен қағидасымен дамитын қозғалыс ретінде бүгін-10 кітап,ертең-20 кітап, бара-бара кітап оқуды өмір салтына айналдырған орта болсын!

Соңғы кезде өңірімізде кітап оқушылар клубтарының көбеюі қуантады! Шара өткізуде көмекке келген Мереке, Ардақ, Нұргүл апайларымызға үлкен алғыс білдіреміз!

1 қыркүйек- Білім күнінен барлық жұртшылықты құттықтап, оқушылар арасында жеңімпаз болған Ақбөбек қызымызға жүлдесін тапсыру үшін Қарақия ауданы,Сенек ауылына арнайы барып келдік!

Барлық жеңімпаздарымызды Білім күнімен құттықтап, жүлделерін табыстауға тырыстық!

Жана оқу жылы табысты болсын! Ұрпағымыз саналы болсын! Облыстық аналар кеңесі, “Әділет” партиясының Әйелдер қанатының мүшесі ретінде мәдениетті ұлт қалыптастыруда бірігейік!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...