МЕРКІ АУДАНЫНДА «АРДАҚТЫ АНА – ҰЛТ ТІРЕГІ» АТТЫ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Меркі ауданында ана мәртебесін көтеру, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ардақты ана – ұлт тірегі» аудандық форумы өтті.
Меркі ауданындағы №9 колледжде ананың қоғамдағы және отбасындағы орнын ұлықтап, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ардақты ана – ұлт тірегі» атты аудандық форум өтті.
Форумға «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының сарапшысы, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Дамира Маратқызы Сүгірбай қатысты.
Дамира Сүгірбай өз сөзінде отбасын қолдау орталықтарының тиімділігін арттыруда аналар кеңесінің маңызды рөліне тоқталды.
Форум аясында аналар мәртебесі, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар талқыланып, көрме, сұхбат алаңы және шығармашылық қойылымдар ұсынылды.
Әйелдер қанаты отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мәртебесін көтеруге және ұрпақ тәрбиесін қолдауға бағытталған бастамаларды жалғастырады.





