Мейірім мен теңдік мекені: «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының маңызды бастамасы
Қордай ауданында жүрегі жылы, мақсаты айқын жастардың басын қосқан ерекше кездесу өтті.
«Инклюзивті қоғам: теңдік, сыйластық, қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — қоғамда инклюзивті мәдениетті берік қалыптастыру, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға деген шынайы құрмет пен түсіністікті арттыру, сондай-ақ әрбір жанға тең мүмкіндік сыйлаудың маңыздылығын ұғындыру болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік қолдау тетіктерін дамыту, құқықтық теңдікті қамтамасыз ету төңірегінде өздерінің жалынды ойлары мен тың идеяларын ортаға салды.
Әйелдер қанатының өкілдері өз сөзінде инклюзияның тек қана материалдық немесе әлеуметтік көмек емес, ең алдымен әрбір адамның қоғам өміріне толыққанды араласуына жол ашатын терең рухани құндылық екенін қадап айтты. Жиын соңында қатысушылар инклюзивті қоғамның іргетасы — тек қағаздағы заңдар емес, адамдар арасындағы шынайы теңдік, өзара сыйластық пен жүректен шыққан қолдау екенін ұғынып тарқасты.