Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 14 қыркүйек, 2026 Маңғыстау облысы

МЕЙІРІМНЕН ТУҒАН МЕРЕКЕ

Отбасы күні құтты болсын!

МЕЙІРІМНЕН ТУҒАН МЕРЕКЕ

Отбасы – адам баласына жылу сыйлайтын ең қасиетті мекен. Ал ана жүрегі – сол мейірімнің сарқылмас бұлағының қайнар көзі. Осы айтулы күнге орай ерекше назар мен қолдауға мұқтаж бір отбасына қуаныш сыйлап, мерекелік сый-сияпат жасау ниетімен игілікті шара ұйымдастырдық.

Біздің ұсынысымызды Маңғыстау «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аналары бір ауыздан қолдап, аз ғана уақыттың ішінде қаржы жинап, өз үлестерін қосты. Бұл – жай ғана жиналған қаржы емес. Бұл – аналардың ақ ниеті, жүрек жылуы, бір отбасының жағдайын жүрекпен сезініп , қуанышын өз қуанышындай көрген мейірімі. Сәлемдеме , сыйлықты қабыл алған мүмкіндігі шектеулі отбасындағы жас ана аналардың ықыласына шексіз ризашылығын білдіріп, толқып, қуанышын мөлтілдеген көз жасымен жеткізді. Оның рақметі – барша анаға айтылған ақ батадан кем емес еді.

Кейде бір ауыз жылы сөз, бір азғантай мейірім, бір сәттік қолдау адамның көңіліне үлкен үміт сыйлайды.

Жақсылықтың көкесі – біреудің жүрегіне қуаныш ұялату.

Асыл аналарымыздың осы игі ісі – ел ішіндегі ынтымақ пен жанашырлықтың, қазақ әйеліне тән жұқа жүрек пен мейірімнің жарқын көрінісі.

Алла Тағала әрбіріңіздің ақ ниеттеріңізді қабыл етіп, жасаған жақсылықтарыңызға еселеп сауап жазсын! Шаңырақтарыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға амандық берсін!

Әр шаңырақтан күлкі кетпесін,

әр ана жүрегі қуанышқа толсын,

әр бала ата-анасының мейіріміне бөленсін!

Мейірім тұнған жүректеріңізден айналайын, Маңғыстаулық асыл аналар, алтын арулар!

Жақсылықтарыңыз жалғаса берсін!

Жасай беріңіздер, аяулы аналар!

Алғысқа бөлене беріңіздер!

Шаңырағымыз биік, шекарамыз берік, еліміз бейбіт болсын!

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...