Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 8 маусым, 2026 Астана қ.

Nazarbayev University-де әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы бастау алды

Nazarbayev University-де әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға және қоғамның негізгі салалары үшін тұрақты кадрлық резерв қалыптастыруға бағытталған Women Leadership Development Programme (WLDP) бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бастамаға білім және ғылым жүйесінің, мемлекеттік басқару саласының, бизнес қауымдастықтың, үкіметтік емес және өңірлік ұйымдардың өкілдері болып табылатын 80-нен астам қатысушы тартылды.

Nazarbayev University-де әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы бастау алды

Бағдарлама Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары бизнес мектебі тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен әзірленген. Оқу аралас форматта ұйымдастырылып, 120 академиялық сағатты, менторлық қолдауды, салааралық нетворкингті және қорытынды жобаларды әзірлеуді қамтиды.

Бағдарламаға жоғары оқу орындарының, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ саясаттану және бизнес салаларының өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, Әйелдер қанатының өңірлік жетекшілері мен мүшелері де оқуға белсенді түрде тартылған.

Бағдарлама аясында Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова «Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығы: өзгеріс пен тұрақтылықтың күші» тақырыбында дәріс оқып, білім беру және мемлекеттік басқару салаларындағы 20 жылдан астам басқарушылық тәжірибесімен бөлісті.

«Менің жолым – мектеп директорынан Білім министрлігінің бірінші вице-министріне дейінгі қызмет, сондай-ақ еліміздегі ең ірі саяси партияның хатшысы ретіндегі үш жылға жуық тәжірибе. Дәріс барысында жеке тәжірибеммен бөлісіп қана қоймай, қатысушыларға пайдалы болуы мүмкін көшбасшылықтың нақты құралдарын ұсынуға тырыстым», – деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, әйелдердің кәсіби және тұлғалық дамуға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл үрдіс WLDP бағдарламасына қатысушылардың белсенділігінен де, өңірлердегі Әйелдер қанаты мүшелерінің бастамаларынан да айқын байқалады.

Шолпан Каринова сондай-ақ білім беру бастамасын әзірлеу мен жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанайға және Жоғары білім беру мектебінің үйлестірушісі Жаңыл Жонтаеваға алғысын білдірді.

6a269853e2762.jpg
6a269853df9fc.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...

18 қазан, 2026

Алматы облысында сүт безі обырына шалдыққан әйелдерді қолдауға бағытталған «Әйел өмірі» акциясы аясында 5 шақырымдық жүгіру марафоны өтті

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысып, әйелдер денсаулығына назар аудару, аурудың алдын алу және онкологиялық дер...

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін» — Меркі ауданында марафон өтті!

Жамбыл облысы Меркі аудандық партия филиалы және Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен сүт безі обырының алдын алу...