Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 5 ақпан, 2026

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардың көзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері және партияның өңірлердегі Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

«AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова модераторлық еткен дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, кәсіби дамуы мен саяси белсенділігіне тікелей ықпал етеді.

«Жаңа Конституция тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес. Бұл - әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әсіресе әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім. Конституция азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік береді. Біз Конституция жобасын әйелдік тәжірибе, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан қарастырамыз. Себебі әйелдердің қатысуынсыз әділетті қоғам құру мүмкін емес, ал әділетті қоғам Конституциядан басталады», – деді Шолпан Каринова.

Толығырақ: amanatpartiasy.kz

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...

18 қазан, 2026

Алматы облысында сүт безі обырына шалдыққан әйелдерді қолдауға бағытталған «Әйел өмірі» акциясы аясында 5 шақырымдық жүгіру марафоны өтті

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысып, әйелдер денсаулығына назар аудару, аурудың алдын алу және онкологиялық дер...

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін» — Меркі ауданында марафон өтті!

Жамбыл облысы Меркі аудандық партия филиалы және Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен сүт безі обырының алдын алу...