Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 11 қыркүйек, 2026 Батыс Қазақстан облысы

Өнегесімен өрнектелген өмір

Жаныңда адамдар толып жүреді, бірақ жаныңа жақын, жүрегіңнен ойып тұрып орын алатын адамдар болады. Күнде көрмесең де, қасыңда болмаса да, көңіліңнен алыстамайтын жандар бар. Кей адамдар өміріңе жай ғана кіріп шығады, ал кейбірі жүрегіңде өшпес із қалдырады. Олардың бар болғанының өзі бір жылулық, бір тыныштық сыйлайды. Өйткені адамға көптің керегі жоқ, шын түсінетін, үнсіз-ақ жанын ұғатын бір-екі адамның өзі жеткілікті.

Өнегесімен өрнектелген өмір

Сондай жүрегі кең, елге сыйлы, айналасына жылу сыйлайтын жандардың бірі – Ақмарал Аманқызы.

Бүгін біз Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызын Орал қаласына қоныс аударуына байланысты «Аналар ісі – өнегелі өмір бастауы» атты тағылымды кеште құрметпен шығарып салдық.

Ақмарал Аманқызы – қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген, жауапкершілігі жоғары, іскер де өнегелі жан. Әсіресе сайлау науқандары кезінде штаб жұмыстарында өзіне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып, ұйымшылдығымен, белсенділігімен және тиянақтылығымен ерекшеленген жан.

Аналар кеңесінің жұмысына да өзіндік үлесін қосып, отбасы құндылықтарын, ана мәртебесін, ұлттық тәрбиені насихаттауға атсалысып жүрген еңбегі – көпке үлгі.

Осындай елдің қоғамдық өміріне белсене араласып, әр бастаманың бел ортасынан табылатын азаматшамен бірге қызмет атқарғанымыздың өзі мақтаныш. Ақмарал Аманқызының адамгершілігі, қарапайымдылығы мен жауапкершілігі – кейінгі буынға өнеге.

Осы орайда «Әділет» партиясы Жаңақала аудандық филиалы атынан Ақмарал Аманқызына атқарған еңбегі мен қоғамдық қызметіне шынайы ризашылығымызды білдіріп, естелік сыйлығымызды табыстадық.

Ақмарал Аманқызы, жаңа қонысыңыз құтты болсын! Орал қаласындағы жаңа өміріңіз қуанышқа, жақсы жаңалықтарға және жарқын кездесулерге толы болсын. Қай жерде жүрсеңіз де, елге жасаған еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!

Адамдар өмір жолында кездеседі, бірге қызмет атқарады, бірге қуанады. Бірақ кейбір жандар жүректе мәңгі сақталады. Сіз де сондай қадірлі жандардың бірісіз. Біз сізді қимай шығарып салсақ та, алдағы сапарыңызға ақ жол, отбасыңызға амандық, өзіңізге мықты денсаулық тілейміз!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 қыркүйек, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 қыркүйек, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...