Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2026 Маңғыстау облысы

Отбасы күні: «Әйелдер қанаты» әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасын мерекемен құттықтады

Отбасы күні: «Әйелдер қанаты» әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасын мерекемен құттықтады

Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді.

Іс-шараға партия филиалы төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасаев, облыстық «Әйелдер қанатының» жетекшісі Пания Сармурзина және партия белсенділері қатысты.

Белсенділер ерекше бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін 6 отбасының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен отбасыларға ақшалай сыйақы табысталды.

Өз кезегінде облыстық «Әйелдер қанатының» жетекшісі Пания Сармурзина ұйымның негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, «Әйелдер қанаты» көмекке мұқтаж қыз-келіншектер мен отбасыларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

✅ «Біздің басты мақсатымыз – әйелдердің мәселесіне бейжай қарамай, олардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, қиын жағдайда қалған жандарға қолдау көрсету. Осы бағытта заңдық, моральдық және психологиялық көмек көрсетуге арналған кездесулер, кеңестер мен түрлі әлеуметтік жобалар ұйымдастырылады. Бүгінгі іс-шара да – отбасы құндылықтарын дәріптеп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің бір көрінісі», – деді Пания Сармурзина.

Іс-шара барысында отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, олардың ұсыныс-тілектері мен әлеуметтік мәселелері тыңдалды.

https://www.facebook.com/share/r/1EvP2juLPJ/

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...