ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Отбасы күні қарсаңында Шымкент қаласында көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Әр адам үшін отбасы – ең жақын әрі ең қымбат жанашыр орта. Отбасында бізді жақсы көреді, қолдайды, қуанышымызды бірге бөлісіп, қиын кезеңдерде жанымыздан табылады. Сондықтан көмекке мұқтаж жандарға дер кезінде қолдау көрсету – баршамыз үшін маңызды.
Отбасы күні қарсаңында Шымкент қаласында көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараны «Әділет» партиясы мен «Mobil Plus Komek» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Акция аясында отбасыларға демеушілік көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.
Осындай жүрекке жылы, маңызды мереке қарсаңында көмекке мұқтаж отбасылардың жанынан табылып, оларға қолдау көрсетуге дайын адамдардың болуы аса маңызды. Осындай игі істер отбасының негізін құрайтын қарапайым әрі маңызды құндылықтарды тағы бір еске салады.
Бір-бірімізге қолдау көрсету өміріміздің табиғи әрі ажырамас бөлігі болуы керек деп есептеймін. Дәл осындай қамқорлық пен жанашырлық арқылы өзгенің қиындығына бейжай қарамайтын, бір-біріне қолдау көрсететін қоғам қалыптасады.