Отбасы күні мерекесі
Отбасы күні мерекесі қарсаңында, «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының мүшесі Уалынова Толқын Айтыкенқызы, Хасенова Ляззат Каукенқызы партия төрағасы Балғабаев Болатбек Балғабайұлы және Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қинашева Жанар Болатқызы аудандағы алтын алқа иегері Тергембаева Дариға Ермекбайқызымен қатар көпбалалы отбасылардың шаңырағында болып, мерекемен құттықтап қайтты. Кездесу барысында отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарымен бірге алғыс хат табыс етті. Отбасы – қоғамның басты тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын ұясы. Көпбалалы аналардың еңбегі мен отбасы құндылықтарын дәріптеу – басты мақсатымыз.