Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 13 қыркүйек, 2026 Маңғыстау облысы

Отбасы күніне арналған игі бастама

«Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасайұлы мен Әйелдер қанатының өкілдері Отбасы күні қарсаңында игі іске ұйытқы болып, аймақтағы көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың жағдайымен танысты. Қайырымдылық шарасы барысында мұқтаж жандарға азық-түліктей және материалдық көмек көрсетіліп, мемлекеттік жәрдемақыларды алу жолдары мен заңды құқықтарды қорғау тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, сапар барысында мекенжайды іздеу кезінде кездейсоқ 9 бала тәрбиелеп отырған және жақында ғана нәрестелі болған көпбалалы ананың шаңырағына аялдап, ақжаулықты әженің батасын алды. Бағытынан шатасып басқа үйге барған бұл отбасы да назардан тыс қалмай, тиісті көмек толықтай жеткізілетін болады. Мұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Отбасы күніне арналған игі бастама

https://www.facebook.com/share/r/1Dp6KJ4ERc/

Отбасы күні мерекесі қарсаңында «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасайұлымен , Әйелдер қанатының өкілдері арнайы игі шара өткізді. Аймақтағы тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен көпбалалы аналардың шаңырағында болып, олардың тыныс-тіршілігімен, жағдайымен жақынырақ таныстық.

​Облыс бойынша жүргізілген бұл игі бастама аясында мұқтаж отбасыларға нақты материалдық әрі азық-түліктей көмек көрсетілді. Сапарымыз кезінде ерекше бір оқиға да орын алды: іздеген мекенжайдан шатасып, 9 баласы бар, жақында ғана нәрестелі болған ана мен ақжаулықты әженің шаңырағына тап болдық. Партия тарапынан бұл отбасыға да тиісті қолдау беріліп, ақ жаулықты әженің және өзге де аналардың шын жүректен шыққан батасын алдық.

​Сондай-ақ мекенжайынан шатасып бара алмай қалған отбасы да назардан тыс қалмайды. Партия өкілдерінің қолдауымен бұл отбасыға да тиісті көмек толықтай жеткізілетін болады.

​Үйлерді аралау тек сый-сияпат тапсырумен шектелген жоқ, тұрғындарға құқықтық әрі заңнамалық көмек берілді:

​Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алу жолдары түсіндірілді;

​Заңды құқықтарды қорғау тетіктері егжей-тегжейлі айтылды;

​Тұрғындардың мұң-мұқтажы мен өзекті мәселелері орнында тыңдалып, алдағы уақытта шешілуі тиіс басты міндеттер белгіленді.

​Осы орайда игі іске ұтқыр үйлесімділік танытқан «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасаевқа, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік танытып, белсенділік танытқан Әйелдер қанатының әрбір мүшесіне шексіз алғыс білдіреміз.

​Мұндай қайырымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

​Құрметті достар!

​Баршаңызды жүрекке жылу сыйлайтын мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

​Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Өйткені бабалар дәстүрін ұлықтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бауырмалдық пен ар-ождан сияқты ұлттық тәрбиенің асыл қазынасы, ең алдымен, отбасы ошағында қалыптасады. Берекелі шаңырақ – саналы ұрпақ өсіріп, ұлттық құндылықтарымызды болашаққа жеткізетін алтын бесік.

​Шаңырақтарыңыздан шаттық, ынтымақ, бақ-береке арылмасын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...