ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданында ақын Тынышбай Рахымовтың отбасымен тағылымды кездесу өтіп, оның шығармашылығы мен отбасы құндылықтары дәріптелді.
Сарысу ауданында «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен ақын, сазгер, журналист Тынышбай Рахымовтың отбасымен тағылымды кездесу өтті.
Кешке ақынның жары Қарашаш, қызы мен қарындастары қатысып, қаламгердің шығармашылығы, сырлы әндері мен өнегелі отбасы жайында жылы әңгіме өрбіді. Ақынның әндері шырқалып, өнер мен отбасы құндылықтары үндескен әсерлі кешке айналды.
Кеш соңында «Әділет» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы А.А. Шортанбаев пен Әйелдер қанатының жетекшісі А.А. Жолмаханова қонақтарға құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады.
Отбасы – мейірімнің мекені, тәрбиенің алтын ұясы, ұрпаққа қалдырар ең қымбат мұра.




#ОтбасыКүні #ӘділетПартиясы #ӘйелдерҚанаты #Сарысу