ОТБАСЫ – ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Меркі ауданында Отбасы күніне орай жалғызбасты аналарға мерекелік құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды.
Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы Кулаим Шағатаева мен партия жанындағы Әйелдер қанатының үйлестірушісі Клара Ракаева Меркі және Ойтал ауылдарында тұратын жалғызбасты аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Кездесу барысында аналарға ізгі тілектер айтылып, сый-сияпат жасалып, көңілдеріне жылу сыйланды.
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Анаға деген құрмет пен қамқорлық – қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін игі қасиет. Осындай ерекше күнде жалғызбасты аналарға көңіл бөліп, қолдау көрсету – ортақ жауапкершілігіміздің бір көрінісі.
Ардақты аналарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына тыныштық пен береке, балаларының қызығын көруді тілейміз! Әр отбасында шаттық пен сыйластық, мейірім мен молшылық салтанат құрсын!
#Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет