Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 14 мамыр, 2026 Қарағанды облысы

«Шексіз мүмкіндік»: инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам

Қарағанды облыстық «AMANAT» партиясы филиалында «Кедергісіз келешек» – «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында инклюзивті білім беру мен жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында әлеуметтік қолдау, кәсіби оқыту және ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарды еңбекке орналастыру тетіктері қарастырылды.

«Шексіз мүмкіндік»: инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам

Қарағанды облыстық «AMANAT» партиясы филиалында «Кедергісіз келешек» – «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес пен партияның облыстық әйелдер қанатының бірлескен дөңгелек үстелі өтті.

Кездесу барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарды кәсіби оқыту, кәсіби бағдарлау, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік сүйемелдеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, кәсіпкерлер, колледж директорлары, жұмыс берушілер, ата-аналар мен түлектер қатысты.

Іс-шарада ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, инклюзивті жұмыс орындарын құру, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жас мамандарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша колледждер мен жұмыс берушілер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарды әрі қарай жұмысқа орналастыруға және кәсіби сүйемелдеуге бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

Дөңгелек үстелдің практикалық нәтижесі ретінде бірқатар студенттердің іс-шара барысында-ақ жұмысқа орналасуы тіркелді. Бұл партия, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін көрсетті.

Сондай-ақ жобаны іске асыруға тұрақты үлес қосып жүрген колледж директорлары, әлеуметтік педагогтар, өндірістік оқыту шеберлері және жұмыс берушілер Алғыс хаттармен марапатталды.

Жобаны табысты жүзеге асырудың жарқын мысалы ретінде «CONCERN EVOLUTION STRATEGY» ЖШС-інде студент Ислам Дүсіповтің жұмысқа орналасуы атап өтілді. Компания директоры Индира Нұржанованың қолдауымен жүзеге асқан бұл кейс инклюзивті қоғам қалыптастырудағы өзара әріптестіктің тиімділігін дәлелдеді.

Жиын қорытындысы бойынша «Шексіз мүмкіндік» жобасын одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар мен тапсырмалар қабылданды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!