Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Қоғамда цифрлық теңдікті қамтама... 11 сәуір, 2026

Солтүстік Қазақстан облысында IT-хабтар мен «ақылды» шешімдерге басымдық берілуде

Солтүстік Қазақстан облысында өңірге қарасты аудандарда IT-хабтарды дамыту және «ақылды» шешімдерді енгізу ісіне ерекше назар аударылуда. Облыс аумағындағы ауылдардың шамамен 93%-ы интернетке қосылған, ал ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 87%-ы цифрлық технологияларды қолданады. Сонымен қатар жастарға арналған IT-хабтар ашылып жатыр. Айта кетейік, цифрландыру қадамы тек статистикалық көрсеткіш ретінде қалмай, азаматтардың тұрмысын жақсартуға тиіс.

Солтүстік Қазақстан облысында IT-хабтар мен «ақылды» шешімдерге басымдық берілуде

Аталған мәселелер өңірде «Цифрлық қоғам» партиялық жобасы аясында өткен іс-шаралар барысында кеңінен талқыланды. Оған Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының цифрлық комиссары Екатерина Смышляева мен Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун қатысты.

Петропавл қаласында облыстық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракцияларының кеңейтілген отырысында Цифрландыру және жасанды интеллект жылының аралық қорытындысы шығарылды.

Кейбір шағын ауылдарда интернет әлі де тұрақсыз, тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейі әркелкі, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларында «ақылды» технологияларды енгізуді жеделдету қажет. Екатерина Смышляева цифрландырудың басты мақсаты – технология енгізу ғана емес, оның адамдарға нақты пайда әкелуі екенін ерекше атап өтті.

69f0765f00b8b.png
69f0765f1277b.png
69f0765f8a3c9.png
69f0765f9fb95.png
69f0765faa161.png

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

5 мамыр, 2026

Цифрлық әлемге қадам: «MEDIANA» IT компаниясы және «MANGYSTAU.HUB» стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «MEDIANA» IT компаниясымен бірлесіп, «MANGYSTAU.HUB» алаңында...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...