«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ! Сарысу ауданында Әйелдер қанатының өкілдері тазалық және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Дүниежүзілік сенбілік күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарысу ауданы «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты, Сарысу аудандық кітапханалар жүйесінің директоры А.А. Жолмаханова ұжымымен тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.
🧹 Сенбілік барысында 1-шағын аудандағы №31, 34, 35 үйлердің аумағы, сондай-ақ №31 үйден Мұқанов көшесіне дейінгі жолдың екі беті күл-қоқыстан тазартылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақты көркейтуге, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
🌱 «Тазалық – ортақ жауапкершілік. Туған өлкемізде тазалық жұмыстарын жүргізу – туған жерге деген құрметтің белгісі. Таза орта – ұрпаққа аманат!»
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет. Әрбір игі іс қоршаған ортаны таза ұстап, жас ұрпаққа үлгі болудан басталады!






#ТазаҚазақстан #ДүниежүзілікСенбілікКүні #Тазалық #Абаттандыру #СарысуАуданы