Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 7 қазан, 2026 Шымкент қ.

«ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» – ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ШЫМКЕНТТЕ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда ерекше балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, олардың қабілеттерін қолдауға және қоғамдағы тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға бағытталған «Тең мүмкіндіктер әлемі» инклюзивті спорт фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараны «Әділет» партиясы ұйымдастырып, партияның Әйелдер қанатының қолдауымен өткізді.

Фестивальге 150 оқушы, сондай-ақ мұғалімдер, жаттықтырушылар, ата-аналар, қонақтар мен БАҚ өкілдерін қоса алғанда, жалпы 250 азамат қатысуда.

Фестиваль аясында қатысушылар спорттың үш бағыты бойынша бақ сынайды:

🏐 №1 алаң – Бочча
🏃 №2 алаң – «Біз жеңімпаз боламыз!» көңілді старттары
🥇 №3 алаң – Жеңіл атлетика

Фестивальдің басты мақсаты – әр баланың спортпен айналысуына мүмкіндік жасау, олардың өз күшіне деген сенімін арттыру және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға партияның Әйелдер қанаты атынан Рамиля Рафкатовна және Баян Айтбекқызы да қатысып, балаларға қолдау көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға дипломдар, медальдар, кубоктар мен сыйлықтар табысталады.