Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 1 маусым, 2026 Ақтөбе облысы

«Уақытыңды балаға арна!» – қауіпсіз балалық шақтың кепілі

«Уақытыңды балаға арна!» – қауіпсіз балалық шақтың кепілі

Жазғы демалыстың басталуымен балалардың бос уақыты көбейіп, олардың қауіпсіздігі мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия балалардың қаза болуы мен жарақаттануының жиілеп кеткен жағдайларына алаңдаушылық білдіріп, ата-аналар мен қоғам өкілдерін бала қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Бүгінде балалардың қауіпсіздігі тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы қолға алған «Уақытыңды балаға арна!» акциясы әрбір ересекті бала тәрбиесіне, оның қауіпсіздігі мен амандығына бейжай қарамауға үндейді.

Баламен бірге уақыт өткізу – тек оның көңілін бөлу емес, өмірлік маңызды қауіпсіздік дағдыларын үйретудің тиімді жолы. Ата-аналар балаларға жол қозғалысы ережелерін, су айдындары мен табиғат аясындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстауы қажет. Сонымен қатар үй жағдайында да қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды.

Жүргізушілер де тұрғын үйлердің, аулалардың, саябақтар мен балалар алаңдарының маңында ерекше мұқият болуы тиіс. Өйткені бала көлікті байқамауы мүмкін, ал жүргізуші баланы міндетті түрде байқауы керек.

Қадірлі қазақстандықтар!

Баланың өмірі мен денсаулығы – баға жетпес құндылық. Балаларымыздың жазғы демалысы қуанышқа, жарқын әсерлерге және қауіпсіз күндерге толы болуы үшін оларға көбірек уақыт бөліп, қамқорлық танытайық.

«Уақытыңды балаға арна!» – әр баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шағына қосылған үлес.

#Amanat #Ақтөбе #БалаңаУақытарна

#Amanat #Актобе ПодариРебенкуВремя

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...