Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 26 тамыз, 2026 Ұлытау облысы

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» акциясы Ұлытау облысында да жалғасын тапты. Акция басталғалы бері өңірде 3 мыңнан астам бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» акциясы Ұлытау облысында да жалғасын тапты. Акция басталғалы бері өңірде 3 мыңнан астам бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Партияның Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, “Әділет” партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы “Әйелдер қанаты” мүшесі Қапарова Раушан Оңқонысқызы және партия қызметкерлерімен бірге Жезқазған қаласындағы №133 мектеп оқушыларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын табыстады.

«Баланың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Әр балаға мүмкіндік беру – әділетті қоғамның басты қағидаларының бірі. Мұндай қолдау шаралары облыстың барлық қала-аудандарында өтуде», – деді Ақжол Құрмансейіт.

Сондай-ақ Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова мен қалалық мәслихат депутаттары «Нұрбала» дамыту орталығына арнайы барып, балаларға оқу құралдарын табыстады. Орталық директоры Жадыра Жұмахметова партия мен халық қалаулыларына үздіксіз байланыс пен ұдайы жасалатын қолдау үшін алғысын жеткізді.

Акция «Әділет» партиясының әділетті қоғам – әр азаматқа өз мүмкіндігін жүзеге асыруға тең жағдай жасалған қоғам қағидатын көрсетеді. Негізгі ұстаным – әр бала маңызды, әр балаға мүмкіндік керек!https://www.instagram.com/reel/Dcf5flPNgAH/?stkn=ZnVkNmo2YnZibno4 https://www.facebook.com/share/p/1Jh9h67auf/?mibextid=wwXIfr  

6aa3f3c44c730.jpg
6aa3f3c46eb19.jpg
6aa3f3c40e5d9.jpg
6aa3f3c41d47a.jpg
6aa3f3c40c966.jpg
Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қараша, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мамыр, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!