Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 24 қыркүйек, 2026 Ұлытау облысы

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫТАУ – МЕЙІРІМІ» ИНКЛЮЗИВТІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Ұлытау - Мейірімі» облыстық инклюзивті фестивалі өтті. Ауқымды шараға Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 бала мен жасөсіпірім қатысты. Фестиваль Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫТАУ – МЕЙІРІМІ» ИНКЛЮЗИВТІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫТАУ – МЕЙІРІМІ» ИНКЛЮЗИВТІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Ұлытау - Мейірімі» облыстық инклюзивті фестивалі өтті. Ауқымды шараға Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 бала мен жасөсіпірім қатысты. Фестиваль Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастарға тең мүмкіндіктер жасау, олардың спорттық және шығармашылық әлеуетін ашу, әлеуметтік белсенділігін арттыру және инклюзивті қоғамды дамытуға үлес қосу.

Фестивальге «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, Ұлытау облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зина Ақылбекова, «Ұлытау-Мейірімі» қоғамдық қорының директоры Гүлжиһан Әбдіғалиева, «Әділет» партиясы филиалы жанындағы Әйелдер қанатының инклюзия бағыты бойынша үйлестірушісі Жанна Болатбекова қатысты.

Іс-шараға Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының командалары қатысты. Екінші рет өткізіліп жатқан фестиваль қатысушыларға жаңа таныстық орнатып, тәжірибе алмасуға, өз қабілеттерін көрсетуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретін ортақ алаңға айналды.

Фестивальдің алғашқы күні - Спорт күніне арналды. Шара Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде өтті. Бағдарлама қатысушылардың салтанатты шеруі мен фестивальдің ресми ашылу рәсімінен басталды. Қатысушылар эстафеталық жарыстар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

«Бүгінгі фестиваль - балалардың мүмкіндігіне шектеу емес, керісінше олардың қабілетін көрсетуге жол ашатын маңызды алаң. Әр бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі керек. Партия осындай бастамаларды қолдай отырып, балалардың спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасауға үлес қосады. Ең бастысы - балалардың жүзінен қуаныш көріп, олардың өзіне деген сенімінің артқанын байқадық», - деді «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт.

Фестивальдің екінші күні қатысушылар үшін шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, өнер мен шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді. https://www.facebook.com/share/p/19e4PQ6MEL/?mibextid=wwXIfr  https://www.instagram.com/reel/DdqhjtYouKD/?stkn=MWFkdnlnYTV4MDNv    https://www.instagram.com/reel/DdqhLwetkaz/?stkn=NXh2eGJkOWp5a2hy  https://www.facebook.com/share/r/18ZcjNUcKD/?mibextid=wwXIfr  https://www.instagram.com/reel/DdqiNzRsFWn/?stkn=MXI4aTJ3a3k5emF0OA== https://www.facebook.com/share/r/18FaTCFyPw/?mibextid=wwXIfr https://vt.tiktok.com/ZSbdpXhB2/ 

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қараша, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мамыр, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...